Біз туралы

«Сликлайн Сервисиз» ЖШС — Қазақстандағы арқан қызметтерін көрсетуде жетекші компаниялардың бірі. Біздің қызметіміз өзгермейтін үш негізгі құндылыққа негізделеді: қызметкерлеріміз, тапсырыс берушілер мүддесіне адалдық және қызмет сапасы.

Қызметкерлеріміз — компанияның ең үлкен байлығы. Оларды кәсіби деңгейде дамыту үшін оқыту мен тәжірибеден өткізу арқылы компаниямыздың болашағына инвестиция саламыз. Біздің командада халықаралық сервистік компанияларда ұзақ жылдар бойы тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді.

Тапсырыс берушілермен қарым-қатынасымыз сенімге негізделген — адал және жауапты серіктес ретінде беделіміз тапсырыс берушілердің сенімін нығайтуда маңызды орын алады. Біз қауіпсіз әрі сапалы қызмет көрсетуді мақсат тұтамыз және осы мақсатта тапсырыс берушінің объектілерінде жұмыс істеген кезде заманауи және инновациялық технологияларды пайдаланамыз.

Біздің миссиямыз

Біздің миссиямыз — тапсырыс берушілеріміздің қызметін ұзақ мерзімді техникалық қолдау көрсету және қауіпсіз әрі заманауи сликлайн қызметтерін ұсына отырып, олардың кен орындарының өнімділігін арттыру.
Қызметтеріміздің құрамы

15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі барысында біз өңірдегі сапалы әрі уақытылы қызмет көрсететін тәуелсіз кәсіпорынға айналдық. Біздің ұсыныстарымыз кең ауқымды — қарапайым шаблонды түсіруден бастап, кен орнын игеруді оңтайландыру және тиімді басқару бойынша кешенді шешімдерге дейін.

Тазартқыш шаблонды, еліктегіш шаблонды және қорғасын баспасын түсіру

Қысым мен температураны өлшеу мақсатымен түсіру

Жапқыш клапанды түсіру және алып шығару

Тығындар мен ұштарды түсіру, орнату және алып шығару

Сынама алуға арналған қауғаларды түсіру

Қысым мен температураны өлшеумен бірге, жад режиміндегі каротаж

Кенжардан сынама алу жұмыстары

Пайдаланушылық СКҚ-дағы кавернометрия

Біздің серіктестер
Лицензия
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ

Біздің компания қоршаған ортаны қорғау және өз қызметкерлеріміздің, тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ең жоғары стандарттарды ұстанады.

  • Сапа
    Біз өз қызметкерлеріміз бен клиенттерімізге жетекші сала мамандары өткізетін кәсіби оқытуды қамтамасыз етеміз.
  • Денсаулық
    Біз қызметкерлеріміздің және клиенттеріміздің жұмыс орындарын ең жоғары еңбекті қорғау және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жабдықтаймыз.
  • Қауіпсіздік
    Біздің мақсатымыз — жарақатсыз және оқиғасыз жұмыс, оны біз мұқият жұмыс жоспарлау мен құрал-жабдықтарды уақтылы техникалық қызмет көрсету арқылы қамтамасыз етеміз.
  • Қоршаған орта
    Біз қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауапкершілігімізді түсініп, өз қызметіміздің экологияға теріс әсерін азайтуға бар күшімізді саламыз.
Біздің байланыстар




телефон: +7-700-140-29-24
e-mail: sales@slicklineservices.kz
090300, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Индустриялық аймақ көшесі, № 18Н үй